Айтыскер Серікзат Дүйсенғазының ұлының өліміне қатысты соталды тергеу басталды

Айтыскер Серікзат Дүйсенғазының ұлының өліміне қатысты соталды тергеу басталды

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлының өліміне қатысты соталды тергеу басталды. Бұл туралы Sinegor интернет-порталына Ақмола облыстық Полиция департаментінің өкілдері хабарлаған. Полицейлердің мәліметінше, 2 қаңтарда сағат 17.25 шамасында Зеренді ауданындағы полиция бөліміне Садовое ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан шаңғы базасындағы шаңғы жолында 2006 жылғы баланың денесі табылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Алдын ала жиналған материалдар бойынша, шаңғы трассасында кәмелетке толмаған жігіт ағашқа соқтығысып, есін жимастан оқиға орнында қаза тапқан. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша соталды тергеу басталған. Қажет сараптама тағайындалған. Еске салайық, 2 қаңтарда айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.