Елімізде қолайсыз ауа райынан бірнеше бағыттағы пойыздар уақытынан кешігіп жатыр, - деп хабарлады ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұлттық тасымалдаушы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерінде қозғалыс жылдамдығына шектеу қойды», - делінген ҚТЖ хабарламасында.Кешігіп жатқан пойыздар: - №3/4 және № 9/10 «Астана – Алматы»; - №45/46 «Павлодар – Түркістан»; - №51/52 «Алматы – Орал»; - №65/66 «Астана – Жезқазған»; - №71/72 және № 86/85 «Астана – Шымкент»; - №73/74 «Алматы – Жезқазған»; - №105/106 «Алматы – Петропавл. Пойыздардың кешігуі кеше де болған еді. Осы орайда ұлттық компания пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.
«Вокзалдарда пойыздардың кешігетіні хабарланып отыр. Ақпарат 1433 анықтама қызметі арқылы тәулік бойы беріледі. Егер пойыз 3 сағаттан артық кешіксе, жолаушыларға SMS хабарлама жіберіледі», - делінген.Одан бөлек, ресми ақпаратта айтылғандай, пойыз билеттерін кері қайтару жайлы мәліметті +7 (707) 270-36-64 (WhatsApp) нөмірінен білуге болады.
«Кешіккен пойыздың әр сағаты үшін билет құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төленеді. Пойыз 6 сағаттан артық кешіксе, мейрамханада тегін тамақ беріледі. Сол сияқты вокзалдардағы тамақтану орындары мен сауда нүктелерінің, санитарлық аймақтардың (дәретханалардың) үздіксіз жұмыс істеуі бақылауда», - деп хабарлады Қазақстан темір жолы.