Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланың белсенді тұрғындарымен, зиялы қауыммен, жастар және ҮЕҰ өкілдерімен бірнеше кездесу өткізді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында хабарлады. "Шымкент қаласының белсенді тұрғындарымен, зиялы қауыммен, жастар және ҮЕҰ өкілдерімен бірнеше кездесу өткіздім. Жолдардың сапасы, жарықтандыру, жұмыс орындары, үшауысымды мектептердің жайы сияқты т.б. бірқатар түйіткілді мәселелерді талқыладық. Аталған мәселелердің барлығы әзірленіп жатқан қаланы дамытудың 5 жылдық бағдарламасында қамтылады. Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасы бойынша, біз барлық өңірлердегі осындай «әлсіз тұстарды» орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі шешу үшін анықтаймыз. Бұл мәселеде халық белсенділік танытады деп үміттенеміз. Біз бірге диалог және өзара сенім арқылы ғана ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра аламыз", - деп жазды ол.