10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі. Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады. Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды. Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі. Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды. Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар үйден білім алады.