Елорданың Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дегенмен кейбір рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазір ұшып келуі тиіс 13 рейс, ұшып кететін 6 рейс кешігіп жатыр. Рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайы мен осыған байланысты әуе кемелерінің кеш ұшуы себеп болған. Әуежайда, соның ішінде ұшып-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. Жолаушылар соңғы ақпаратты call-орталықтардан, сондай-ақ анықтама бөлімдерінен ала алады.