Ақтөбе облысында 16 жастағы қыз өз үйінің ауласында орналасқан сарайда асылып қалды

Ақтөбе облысында 16 жастағы қыз өз үйінің ауласында орналасқан сарайда асылып қалды

16 жастағы қыз өз үйінің сарайында асылып қалған, – деп хабарлады Polisia.kz,

"2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 00:10-да Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында орналасқан сарайда асулы тұрған 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды",  – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚК 105-бабы 3-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.