Алматыда журналист көлігінің өртенуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда журналист көлігінің өртенуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртенді. Қалалық Полиция департаменті осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, –  деп хабарлайды polisia.kz Telegram каналы. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, аталған дерек ҚР ҚК-нің 202-бабымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қалалық ПД Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қаласы Полиция департаментінің бақылауында