«Әлем аруы» тәжі Филиппиннен шыққан америкалық сұлу Р'Бонни Габриэлге бұйырды. Сенбі күні Жаңа Орлеанда (Луизиана штаты) өткен 71-ші халықаралық жарыстың негізгі салтанаты 14 қаңтар, сенбі күні өтті. Вице-мисс атағы Венесуэла елінің өкіліне берілді. Байқауда Қазақстан атынан Диана Тәшімбетова қатысуы керек еді, бірақ «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті қызды «Әлем аруы – 2022» атағынан айырды.