Оқиға 10 қаңтар күні болған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы жүргізуші басқарған Mercedes Benz автокөлігінен 5 патроны бар белгісіз тапанша және 1 пышақ тәркіленді. Тексеру барысында көлік жүргізушісінің есірткілік мас күйде болғаны және оның деструктивті ағым өкілі екені анықталды.
"Сонымен қатар 39 жастағы көлік жүргізушісінің жанында болған 42 жастағы жолаушының деструктивті жат ағым ұстанушысы екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Арнайы операцияны Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді", – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.
Баян Жанұзақова