Әлеуметтік желіде өзінің есепке деген зеректігімен танылған төрт жасар Ислам Қанатбекұлы Түркістан облысының Шардара ауданына қарасты Егізқұм елді мекенінде тұрады. Ислам – үйдің кенжесі.
Өжет балақайдың ерекше қабілетін байқаған көрші-қолаң, жанында бірге ойнап жүрген достары мына бейнетаспаны қызық көріп түсіріп алған көрінеді.
Тілі 3 жасында кеш шықса да, өз қатарластарын басып озған Исламды ауылдастары: «Есеп шығаратын Ислам» деп атап кеткен. Оның өзінен де аты-жөнін сұрасаң, дәл осылай жауап қатады. Шындығында, Ислам есеп шығарудан алдына жан салмайды.