Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, "әйел "Грант" бағдарламасы арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін қаражат алып беремін" деген желеумен 25 адамнан жалпы сомасы 30 миллион теңге жымқырған. Тергеу барысында оның 1992 жылы туған Алматы облысының тумасы екені белгілі болды. Қазір күдікті қамауда. Қылмыстық іс қозғалып жатыр. Күдіктіні №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.