Оқиға 20 қаңтар күні Атырау облысы Миялы – Индер тасжолының маңында болды. Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары Nissan Patrol автокөлігін тоқтатып, заңсыз киік аулаған 4 күдіктіні ұстады. Тінту барысында көліктен 1 киіктің мүйізі мен бөлшектенген еті, 2 қоян еті, 2 дана тегіс ұңғылы аңшы қаруы мен жарық шамы тәркіленді. Қазір 1993, 1999, 1999, 2004 жылы туған төрт күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша іс қозғалды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА