Тараз қаласында жаңа туған сәбиді сатпақ болғанда ұсталды. Тараз қаласының прокуратурасы және Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер құрықталып отыр. Ал ең сорақысы жаңа туған нәрестені саудаға салған Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медицина қызметкері болып шықты. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеуді қала прокуратурасы жіті бақылауына алған.
Жамбыл облысы