Ерке Есмахан ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Ерке Есмахан ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Әнші Ерке Есмахан келіндік өмірінің алғашқы күндері қалай өтіп жатқанын көрсетті. Видеоны ол әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

«Кеше үйде телевизор қарап отырсақ, папам (қайын атам) сюрприз қып гүл әкеп тұр маған. Қуанышымда шек болмады. Келін деген сөз естімедім әлі. "Қызым, Еркежан" деп еркелетеді. Бұйыртса, алдағы уақытта келіндік өмірді саламын ғой. Әбіржіп жүргенімді көруге асықпаңыздар», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан мен Раимның некесін қиғанын жазған болатынбыз.