Бокстан Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Біріншілік қорытындысында қазақстандықтар 20 медальді (5 алтын, 3 күміс, 12 қола) жеңіп алды. Медальдар есебінде Өзбекстан боксышлары 21 медальмен (14 алтын, 4 күміс, 3 қола) көш бастады. Үздік үштікті Таиланд құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола) түйіндеді. Жалпыкомандалық есеп: 1. Өзбекстан — 14-4-3 2. Қазақстан — 5-3-12 3. Таиланд — 3-4-2 4. Моңғолия — 1-4-4 5. Филиппин — 1-1-2 6. Қытай — 0-4-1 7. Вьетнам — 0-1-3 8. Непал — 0-1-3 9. Индонезия — 0-1-1 9. Камбоджа — 0-1-1 11. Қырғызстан — 0-0-7 12. Тәжікстан — 0-0-3 13. Сингапур — 0-0-1 13. Индонезия — 0-0-1 13. Малайзия — 0-0-1.