28 қаңтарда «Қазақстанды бірге салайық» бояу кітапшасының тұсаукесері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Боямақтың алғашқы иелері әрі көрермені – «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы» КММ-нің 4-12 жас аралығындағы балалар.
«Президент Тоқаев айтқандай «Біздің дана халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мақал бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие саласы басымдықта болуы керек». Біз жай ғана балаларға арналған бояу кітапшасын дайындаған жоқпыз. Ондағы әрбір сурет балалардың отаншыл болып өсуіне көмектесетін адами қасиеттер мен құндылықтардың бірін сипаттайды. Балалар суреттерін бояп отырып, осы қасиеттерді бойына сіңіреді. Сонымен қатар бұл ата-аналар үшін баласымен маңызды тақырыпта – еліміздің болашағы туралы сөйлесуге көмектеседі», – дейді «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының белсендісі Мирас Ахметов.
А.Айдарқызы