2020 жылдан бастап құқық қорғау қызметіне кадрларды іріктеу және даярлау тәртібі өзгерді.
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту құқық қорғау қызметіне тұрудың жаңашылдығы болып табылады. Бұл прокуратура органдарына алғаш рет қызметке орналасатын адамдарға қатысты. Үміткерлер кәсіптік даярлықты Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өтеді.
Кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі мен оны өту шарттары үш органның бірлескен бұйрығымен бекітілген: бұл Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Экономикалық тергеу қызметі.
Бұйрыққа сай іріктеу критерийлері біріздендірілді:
– жоғары білімінің болуы;
– моральдық-психологиялық, медициналық талаптарға сәйкестілігі;
– беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің жоқтығы.
Кәсіптік даярлауға іріктеу 6 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Хабарландыруды прокуратура органдарының интернет-ресурстарында жариялау. Хабарландыруда үміткерге қойылатын негізгі талаптар, қызмет өткеруге байланысты шектеулер, құжаттарды қабылдау мерзімі және тағы басқа ақпарат көрсетіледі.
Екінші кезең. Құжаттарды қабылдауды облыстық прокуратуралар, Астана және республикалық маңызы бар қалалар прокуратуралары, Бас көлік прокуратурасы жүргізеді.
Құжаттарды тапсырғанға дейін үміткер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өтуі керек.
Үшінші кезең. Үміткерлермен әңгімелесу. Үміткерлермен әңгімелесу облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда жүргізіледі.
Алдын ала ішкі қауіпсіздікпен үміткерге қатысты зерделеу өткізіледі, оның нәтижелері әңгімелесуде ескеріледі.
Әңгімелесуден өткен үміткерлер әскери-дәрігерлік комиссия және полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберіледі.
Қорытынды кезең. Академияда емтихан тапсырады.
Емтихан 3 сұраққа ауызша жауап түрінде қабылданады. Бұл ретте Комиссия мүшелері қосымша сұрақтар қоюы мүмкін.
Кәсіптік даярлыққа қабылдау туралы түпкілікті шешімді ведомствоаралық қабылдау комиссиясы қабылдайды, ол сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуді ескереді.
Оқуға түскеннен кейін үміткер мен Академия арасында келісімшарт жасалады.
Келісімшартта тараптардың өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленіп, одан әрі қызмет өткеру шарттары мен мерзімдері және т.б. көрсетіледі.
Кәсіптік даярлықтан өту мерзімінде үміткерлер ай сайынғы шәкіртақымен, сондай-ақ Академияда оқу кезеңінде тегін тамақпен және тұратын орынмен қамтамасыз етілетін болады.
Сакен Төлеуов,
ҚР Бас прокуратурасы
Кадрларды дамыту департаментінің
Басқарма бастығы,
аға әділет кеңесшісі