Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақпан айының 1-інен 2-сіне қараған түні толассыз жауған жауынның салдарынан жолдарда мұз қатып, көлік тұрмақ, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына қауіп туғызып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсуі салдарынан, жолда көру мүмкіндігі де қиындық туғызуда. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті осылай деп дабыл қақты.
Төтенше жағдайға орай, «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облыстық филиалы 2 ақпаннан республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1 357-1 806 шақырым аралығында көлік жүруіне шектеу қойылғанын мәлімлеп отыр. Яғни, Арал ауданы мен Қызылорда қаласы аралығында көлік қатынасына тыйым салынғанын ескертті.