Облыстық мәслихатқа үміткерлер анықталды

Облыстық мәслихатқа үміткерлер анықталды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалында филиал төрағасы Арын Арыстанғалидың төрағалық етуімен конференция өтті. Жиынның күн тәртібіне сай облыстық мәслихатқа партиялық тізімдер және бірмандаттық округтер сайланатын депутаттықтан үміткерлердің партиялық тізімі анықталды. Ұсыныстар тыңдалып, үміткерлер тізімінің сапалық және сандық құрамын сақтауға қатысты ашық түрде талқылау болды. Талқылау барысында Жетісу облыстық мәслихатына  үміткерлердің 25 пайызы әйелдерден, 12,5 пайызы жастардан тұратыны белгілі болды. Ал әрбір бесіншісі немесе 20,8 пайызы кәсіпкерлер қатарынан таңдалған. Үміткерлердің 37,5 пайызы жаңа есімдер болса, олардың 10,5 пайызы басқа этностардың өкілдері. Облыстық мәслихатқа үміткерлердің арасында Гүлнар Тойлыбаева, Римма Аджарова, Қуат Баймырзаев, Абзал Омарқұлов, Елдос Баялышбаев секілді облыстың өркендеуіне өзіндік үлес қосқан, Жетісу  жұртшылығына белгілі тұлғалар бар.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы