«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы облысында тағы бірнеше жол бөлігі жабылғанын мәлімдеді. «Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, ауа температурасының төмендеуі, тұман) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төменде көрсетілген учаскелерде шектелді: «Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейін; «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Панфилово ауылынан Жаркент ауылына дейін; «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» тасжолының Байсейіт ауылынан Көкпек ауылына дейін; Жолшылар жабық учаскелердің жүріс бөлігіне көктайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстарын жүргізуде.