2024 жылдың соңына дейін LRT іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Қала әкімі "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында қазір жұмылдыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол LRT-де жүретін болашақ пойыздарға аванстық төлемдер жүргізіліп жатқанын да атап өтті.
"Сосын техника, LRT-мен жүретін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жасалып жатыр. 2023-2024 жылдары жоба іске асырылады. Ал келесі жылдың аяғына дейін іске қосылуы қажет", – дейді әкім.Оның айтуынша, жоба құрылысы былтыр басталып кеткен.
"Алғашқы қаржыны Үкімет былтыр берді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізілмек", – деді әкім.