Атыраулық дәрігерлер көмек көрсету мақсатында Түркияға барады. Қазір Қазақстаннан жасақталып жатқан дәрігерлер бригадасын құру тобының құрамына Атырау облыстық ауруханасының жоғары және бірінші категориялы 4 маманының тізімі жіберілді. «Олардың қатарында хирург, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, терапевт бар. Дәрігерлердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Дәрігерлерді Түркияға жіберу, қаржыландыру мәселесін Үкімет белгілейді», – деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев. Еске сала кетсек, зілзаладан зардап шеккен Түркияға Қазақстан тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын.
Баян Жанұзақова