Ертең Атырау облысында бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті. «Ертең, 9 ақпаннан бастап Атырау қаласы мен аудандардағы мектептердің 5-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері оффлайн режимде оқиды. Ал, 0-4 сынып оқушылары сабақты онлайн форматында жалғастырады», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.