Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 391-ге жетті

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 391-ге жетті

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны көбейіп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz сайты ТRTHABER-ге сілтеме жасап хабарлайды. Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, Кахраманмараштағы апат салдарынан 12 391 адам қаза тапты. 62 914 адам жарақат алды. Далада қалған тұрғындарды орналастыру үшін 70 818 шатыр тікті. Бұған дейін Түркияға құтқарушылардың екінші легін алып барған ұшақпен Қазақстанға 64 адам оралғанын жазған болатынбыз.