Желіде 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында інісін қорғап жатқан видеосы тарады. Бұл видеоны өзінің Twitter парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа бөлісті. Tribune India жазбасында 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін 17 сағат бойы үй қирандыларының астында інісін қорғап қалғаны айтылған. Видеода оның інісін өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап тыныштандырғаны көрінеді. Желіде "Құдай-ау, неткен батыл қыз", "Жүрегің ауырады, жарайсың, балапан!", "Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке", – деген пікірлер жазылды. Бұл бүлдіршіндер кейін үйінді астынан құтқарылды.
This video broke my heart 💔
The little girl says to the rescuer when he reaches her: Get me out from under this wreckage,sir,me and my sister, and I will become your slave.#earthquakeinturkey #Syria #هزه_ارضيه #زلزال #İstanbul #earthquake #Turkey #PrayForTurkey pic.twitter.com/U9mMrZdROM — Zuher Almosa (@AlmosaZuher) February 7, 2023