Күннің күрт бұзылуына байланысты Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы бірнеше тасжолда жол қозғалысына шектеу енгізілді. Автокөліктің барлық түрлері үшін төмендегі тасжол учаскелері жабық: 1. «Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейінгі аралығы; 2. «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Арман ауылынан Байсейіт ауылына дейінгі аралығы; 3. «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша-бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы; 4. «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Жамбыл облысынан Машат ауылына дейінгі аралығы; 5. «Алматы-Өскемен» тасжолының Первомайка ауылынан Өтеген-Батыр ауылына дейінгі аралығы; 6. «Қордай асуының айналма жолы». «Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық автожолдар желісінде 515 арнайы техника мен 980 маман жұмыс істеп жатыр» делінген хабарламада.