Әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықпақшы. Той наурыз айында болады деп жоспарланып отыр. Ол бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтып берді.
"Иә, рас. Мен тұрмысқа шығамын. Бізді тағдыр қайта-қайта тоғыстырған. Біз кездейсоқ бір уақытта, бір мекенде жүргенбіз. Біз Қырғызстанда таныстық. Өнер саласынан емес. Дегенмен де жоғары музыкалық талғамы бар. Жан-жақты азамат. Мен үнемі тұрмысқа шығатын болсам жүрек қалауымен, махаббатпен ғана тұрмыс құрғым келетін. Сол қалағанымдай болды. Ешқандай есеппен, бір жоспарлармен емес", – дейді ол.Бұл қуанышты жаңалықтың наурызда орындалатынын да жасырмады. Желі оқырмандары түрлі пікірлер жазуда. Әсіресе, оның жасына қатысты пікір көп. Айта өтейік, Жанар Дұғалова осы жылы 36-ға толды.