Мирболат Құрмашевтің бауыры құтқарушыларға алғысын білдірді

Мирболат Құрмашевтің бауыры құтқарушыларға алғысын білдірді

Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетіп, артынша мәйіті табылған Мирболат Құрмашевтің бауыры Алмат Құрмашев қазақстандық құтқарушыларға алғысын айтты. 

"Туыстары мен достарының атынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз. - Дмитрий Денисов - Беков Ильдар - Исмаил Жан - Асанбаев Бүркіт Құтқарушыларымыз өз өмірлерін қатерге тігіп, қиын үйінді астынан азаматтарымыздың денесін алып шықты. Нағыз батырлар, көп рақмет!", – деп жазды Алмат Құрмашев әлеуметтік желідегі парақшасына.
Айта кетейік, Мирболат Құрмашевтің денесі кеше Алматы қаласына жеткізілді, бүгін жер қойнына тапсырылды. Оны танитындар мықты маман болғанын айтады.