Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 617-ге жетті, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы жергілікті телеарналардың бірінде Түркия вице-президенті Фуат Октай мәлім етті, –деп хабарлайды Анадолы басылымы. Ал Сириядағы қаза тапқандар саны, шетелдік БАҚ-тың ұсынған соңғы дерегіне сүйенсек, 3 574 адамды құрады.