Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанға гуманитарлық қолдауы үшін алғыс айтты. Зеленский бұл туралы Telegram-дағы каналында жазды.
"Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Мен сонымен бірге Қазақстанға Украинаны гуманитарлық қолдағаны үшін алғысымды айттым" делінген Владимир Зеленский жазбасында.Бүгін, 16 ақпанда Украина тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.