Роскосмос зақымдалған «Прогресс МС-21» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажыратылып, Тынық мұхитына батырылғанын мәлімдеді. Кеме 18 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 05:26-да ресейлік «Поиск» зерттеу модулінен бөлініп, ашық ғарыш кеңістігіне шығарылған. Ғарыш стансасының жұмысына қауіп төндіруі мүмкін болған «Прогресс МС-21» кемесінің тағдыры туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_241086" align="aligncenter" > Фото energia.ru сайтынан алынды[/caption] Ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин телеоператорлық басқару жүйесінің көмегімен ақауы бар жүк кемесін бұрып, ғарыш кемесінің зақымдалған бөлігін суретке түсірген. Осыдан кейін «Прогресс МС-21» дербес ұшу кестесіне сәйкес қозғала бастайды.
Мәскеу уақыты бойынша сағат 07:03-те ғарыш кемесінің қозғалтқыштарында тежегіш қосылып, орбитадан төмендеу процесі басталған. Отқа төзімді қалдықтар Жер атмосферасына жеткеннен кейін Тынық мұхитының навигациясыз аймағына түсіп, батып кетуі тиіс деп жоспарланған болатын.Жүк тасығыш «Прогресс МС-21» кемесінің халықаралық стансадағы орнына «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесі орналасады деп жоспарланған. Ол 24 ақпанда Байқоңырдан ұшырылды. Ертең кеме Халықаралық стансамен түйіседі деп күтілуде. [caption id="attachment_241087" align="aligncenter" > Фото Фото energia.ru сайтынан алынды[/caption]
Ақпан айының басында мамандар «Прогресс МС-21» ұшағындағы қысымның төмендеуіне құрастыру технологиясының бұзылуы себеп болғанын айтқан еді.11 ақпанда ресейлік ғарыш корпорациясы ХҒС-қа түйіскен «Прогресс МС-21» жүк кемесінде қысымның азайғанын, бірақ станса экипажының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтінін хабарлады. Корпорация «Прогресс МС-21» кемесі 19 ақпанда Тынық мұхитына батырылғаны белгілі болды.