«ҚазАвтоЖол» ауа райының бұзылуына байланысты тағы бір өңірде трасса жабылғанын хабарлады. «Қарағанды өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының екі бөлігінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Барлық көлік түрі үшін Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралық жабық (автожолдың 1492-1610 км аралығы). Сондай-ақ қоғамдық және жүк көліктері үшін аталмыш күре жолдың Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығы жабық (автожолдың 610-1854 км аралығы).