Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер «ВМП Астана» зауытының ұжымымен кездесті

Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер «ВМП Астана» зауытының ұжымымен кездесті

Зауытта металл және бетонды қорғауға арналған лак-бояу өнімдері өндіріледі. Спикерлер ең алдымен кәсіпорынның жұмыс процесімен танысып, зауытты аралап көрді. Мұнан соң олар жұмысшыларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. – Адам қауіпсіздігі басты назарда. Жұмысшылардың еңбекақысы тұрақты әрі лайықты болу керек, – деді ҚХП Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов. – Партияның басты міндеті – қуатты орта тап құру және жұмыссыздықты, кедейшілік пен қайыршылықты жою. Сонда ғана қоғам бақытты, ал мемлекет күшті, экономикалық тұрақты және тәуелсіз болады. ҚХП Жаңа Қазақстанға – жалдамалы қызметкердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын толық қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет деп санайды. Жұмысшылардың мүддесін компания басшылығы тағайындаған өкілдер емес, тек кәсіподақ қорғауы керек. Біз еңбек нарығында әділ ереже белгілеу үшін Кәсіпкерлік кодексін қайта қарауды қолдаймыз. Еңбек инспекциясына жүгінген кезде еңбек инспекторы бірінші орынға Кәсіпкерлік кодексін емес, Еңбек кодексін қоюы тиіс. Бұл – партияның сайлауалды бағдарламасында анық көрсетілген. Кездесу соңында спикерлер жұмысшыларды сайлауға қатысуға және ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.