Экологиялық ахуалды жақсарту – маңызды міндет

Экологиялық ахуалды жақсарту – маңызды міндет

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының фронт-офисінде партияның сайлауалды бағдарламасын талқылауға арналған эксперттік кездесу өтті. Онда қаланың сарапшылар қауымдастығы партияның «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын, онда қозғалған мәселелердің маңыздылығын талқылап, бұл бағдарламаны орындау арқылы қол жеткізілетін нәтижелерді айтты.

«AMANAT»  – әрқашан халықпен бірге болып, сайлаушылармен етене араласып келе жатқан партия. Өткен жылдың өзінде біздің партияның өкілдері бүкіл республика бойынша халықпен көптеген кездесу  өткізді. Сол арқылы тұрғындардан 200 мыңнан астам сұрақ  пен ұсыныс жинақталған. Сол сауалдарды талдау арқылы еліміздегі ең маңызды, ең өзекті проблемалар анықталды. Партияның сайлауалды бағдарламасында сол проблемаларды шешіп, азаматтардың өмірін сапалы, тұрмысын жайлы етудің жолдары көрсетілген, – деді партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.
Бахадыр Мәдәліұлының айтуынша, партия ел дамуының орасан зор жауапкершілігін өз мойнына алып, халықтық қолдауға арқа сүйей отырып, сөзден нақты іске көшуге әзір. Саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасында халықтың барлық талап-тілегі 10 негізгі бағытқа топтастырылған.
– Бүгінде азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері қатты алаңдатып отыр. Сондықтан біз аймақтық сайлауалды бағдарламаны әзірлеу барысында бұл мәселеге баса назар аудардық. Біз биылдан бастап қоқыс пен қалдықты бөлек тасымалдауды қамтамасыз етеміз. 2027 жылдың соңына дейін қала аумағында бірнеше жаңа саябақ салынып, 25 гүлзар ашылуын және 600 мың түп ағаш көшетін отырғызуды көздеп отырмыз, – деді партия филиалының төрағасы.
Сонымен қатар Шымкенттегі экологиялық ахуалды қамтамасыз ету үшін дендросаябақ аумағында тамшылап және автоматтандырылған суару жүйесін орнату, қоқыстарды сұрыптайтын және қатты қалдықтарды өңдейтін зауыттар салу мен Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру секілді ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.