Қарағанды облысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесулер өтуде.
Науқан аясында депутаттыққа кандидат Бауыржан Смағұлов «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС 3-ЖЭО еңбек ұжымымен кездесті.
Кәсіпорын 4 миллиард кВт сағаттан астам электр энергиясын және 3,1 миллион Гкал жылу энергиясын өндіреді. Соңғы 10 жылда «Қарағанды Энергоцентр» компаниясының электр энергиясы өндірісінің өсуі миллиард кВт сағаттан астам өсті.
3-ЖЭО-ға бару барысында Бауыржан Әміржанұлы қызметкерлерді «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қатысушылардың өтініштерін тыңдады. Атап айтқанда, жалақыны көтеру, зиянды және қауіпті өндірістердегі жұмысшылар үшін зейнеткерлік жасты төмендету, сондай-ақ қызметкерлер үшін санаторий-сауықтыру пакетін қамтамасыз ету мәселелері.
Тапсырыс беруші: Б.К Алтынбеков, Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.