Бүгін «AMANAТ» партиясының Open Space форматта ұйымдастырылған ашық штабқа баспасөз туры ұйымдастырылды. Журналистерді сайлауалды штабтың күнделікті жұмыс істеу тәсілімен таныстырған партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бірмандаттық және партия атынан саяси додаға түсіп жатқан әрбір кандидат өңірлерді, ауылдарды аралап, ел-жұрттың талап-тілегіне құлақ түруде.
Партияның жаңа форматта жасалған штабы, бірінші рет Мемлекет басшысының кандидаттығын қолдау бойынша штаб кезінде қолға алынған. Сол кездегі жаңашылдықты ары қарай жандандырып, тағы да қосымша дүниелермен толықтырған ұйымдастырушылар жаңа технологиялар арқылы креативті әдіс-тәсілдерді қатар қолдануды да қолға алып отыр. Мәселен, бүгінде кандидаттар ауыл-аймақтарда кездесу ұйымдастырып жатқанда, штаб жұмысы да қыза түскен. Бүгінде партия жанында 100 мыңға жуық белсенді жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде республика бойынша 7 жарым мыңнан астам штаб мүшесі, 10 мыңнан аса белсенді жас пен 30 мыңнан астам сенімді өкіл бар. Партияның белсенді мүшелері де өңірлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге атсалысуда. Айталық, қазірдің өзінде 1 миллионға жуық үгіт-насихат материалдары таратылған.
Штабтың Баспасөз орталығының жұмысына өңірлік және республикалық деңгейдегі барлық ақпараттық жұмыстарды бақылап, байланыс орнату кіреді. Өйткені, сайлаудың маңызы ақпараттық жұмысқа тәуелді. Сол үшін кандидаттардың, партия белсенділерінің күн сайынғы жұмысын көрсету өте маңызды. Сондықтан 17 облыстық және 3 қалалық, 1 республикалық медиа-жоспар бойынша жұмыс істелуде. Оған сәйкес, әрбір күннің жоспары жіті бақыланып, кері байланыс орнатылады. Сондай-ақ ақпараттық жұмыс бойынша медиатехнологиялар қолданылады. Орталық кез келген адамға ашық.
«Нар тәуекел» ұранымыз ешқандай калька аударма емес, керісінше өзге тілге аудара алмай қиналдық. Бағдарламадан бастап, алдымен қазақша жазылды. Қазақ тілінің таза сақталуы – мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосады. Тұғырнамамыз да қазақ тілінде жазылды. Әрбір қазақстандық азамат қазақ тілін білуі тиіс. Сонда ғана қазақстандық ұлттың жанына ұйыса аламыз», – деді.Мұнда жастар күнделікті белсенділермен түрлі жиналыстар мен басқосулар өткізеді. Астана қаласы бойынша үгіт-насихат материалдарын беру, ұйымдастыру да осында бастау алады екен. Бүгінде үгіт-насихат жұмыстарына 10 мыңға жуық белсенді жұмылдырылған. Олар да өздігінше креатив қалыптастырып, партияның бағыт-бағдарын түсінікті тілмен жеткізуге атсалысып жатыр. Партия белсенділері бүгінгі күні 3 мыңнан астам іс-шара өткізіп, 300 мыңға жуық азаматты қамтыған. Жабыстыруға рұқсат берілген жерлерге 200 мыңға жуық агитациялық материалдар жабыстырылыпты. Партиялық тізіммен сайлауға түсетін 90 кандидат әрбір өңірде, оның ішінде өздерінің туған өңірлерінде халықпен кездесіп жатыр.
«Әрбір кандидат күнделікті 6-7 іс-шараға қатысуда. Ал 29 бірмандаттық кандидат өздерінің жеке жұмыс кестесімен жұмыс істейді. Қазірдің өзінде Мәжіліс пен мәслихатқа ұсынылған 4 мыңға жуық кандидат өңір-өңірде осындай кездесу ұйымдастыруда. Біздің жоспар – сайлаудың қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам азаматты қамтып, 30 мыңнан астам кездесуді ұйымдастыру», – дейді Елнұр Бейсенбаев.