Тұман, жел, көктайғақ - 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Тұман, жел, көктайғақ - 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” Қазақстан аумағы бойынша 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз  ауа райы сақталады. ҚР бойынша көктайғақ болып, тұман түседі. Жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.