Түркияның Ішкі істер министрлігі жер сілкінісі салдарынан құлаған ғимараттардың құрылысына қатысты 564 күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды turknws. Министр Сүлейман Сойлудың айтуынша, 6 ақпаннан бері анықталған тұлғалардың 160-ы ұсталған. Сондай-ақ 175-не сот бақылауы тағайындалды. Айта кетейік, Түркиядағы зілзаладан 43 мыңнан астам адам қаза тапты.