Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен қазақтың белгілі балуаны Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасылмен төбелесте жарақат алған заңгерлермен кездесті. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне Анна Чернова (Димитриевич) айтып берді.
"Жақында іс әскери полицияға берілді. Тергеу жүріп жатыр. Бүгін тергеуші қоңырау шалды. Біз оларға баратын болып келістік. Әзірге жаңалық жоқ. Жалпы, бәрі әдеттегідей жүріп жатыр. Біз құқық бұзушының әкесімен кездестік. Ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Біз өз кезегімізде ұлын кешірмегенімізді айттық. Ол заң алдында жауап беруі керек. Ал іс баршаға сабақ болуы керек", – деді Чернова.