Қаңғыбас иттерді аулап, етін сатумен айналысқан Ақмола облысының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні волонтерлермен бірлесіп қолға түсірген. Жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша ҚР ҚК 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тұрғылықты жерін тексеру барысында жалпы салмағы 750 келіге жуық сойылған иттің 50 өлексесі табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылды. Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес тергеудің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді.