Еурокомиссия өз қызметкерлеріне қытайлық TikTok желісінің қосымшасын корпоративтік телефондар мен гаджеттерден, жұмыс бағдарламаларын пайдаланатын жеке құрылғылардан алып тастауды бұйырды. Шешім Еурокомиссияның Киберқауіпсіздік бойынша қабылдаған шараларымен байланысты. Бұл туралы Euronews ақпараттық агенттігі хабарлады. ЕО атқарушы органдарының қызметкерлерінен қосымшаны 15 наурыздан кешіктірмей жұмыс құрылғыларынан алып тастауды сұрады.
«Еурокомиссия әріптестеріміздің және бізбен ынтымақтасатындардың барлығының киберқауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Бұл тұрғыда киберқауіпсіздікке қатысты шешім қабылданды», – деді ішкі нарық мәселелері жөніндегі еурокомиссар Тьерри Бретон.Сондай-ақ Еуропалық комиссия өз қызметкерлерінен TikTok қолданбасын жеке құрылғыларынан да алып тастауды сұраған. Кейінгі кезде TikTok арқылы Бейжін пайдаланушылардың деректеріне қол жеткізуіне байланысты батыс назарына ілікті. АҚШ федералды үкіметінде қосымшаны пайдалануға тыйым салынған, ал кейбір америкалық заң шығарушылар елдегі TikTok жұмысына жаппай тыйым салуға тырысып жатыр.