Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыс 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.