Болгария астанасы Софияда бокстан өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогінде қазақстандық Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанды. Оразбек Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта түбі кубалық, Болгария өкілі Хавьер Ибаньеспен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында төрешілер болгариялық боксшы басым деп отырды. Қорытынды есеп – 4:1, болгариялықтың пайдасында. Осылайша, Қазақстан құрамасы Странджа кубогін 1 күміс, 1 қола медальмен қорытындылады.