27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 27 ақпан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін республика аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды. Тек атмосфералық фронттардың әсерінен республикамыздың батыс жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Еліміздің қиыр солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Республика аумағы бойынша тұман түседі, жел күшейеді.