Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы мерт болды

Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы мерт болды

Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлады Аzattyq Ruhy агенттігі. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 ақпанда болған.

«Қаладағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері К-700 доңғалақты трактормен аударылып кеткен. Алған дене жарақаты салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды», – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.
«Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген хабарламада.