«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Есіктен есікке» акциясы аясында облыс орталығындағы бірнеше тұрғын үйлерді аралады. Бұл күні партиялықтар Тараз қаласындағы Жағалау және Көшеней көшелерінің тұрғындарына «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үнпарақтар таратты. Сондай-ақ қарапайым халықтың ұсыныс-тілегін назарға алған аманаттықтар жұртшылықты 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенді болуға шақырды.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді