Түркістан облысының Бәйдібек ауданында төрт күн бұрын жоғалып кеткен аңшы іздестіріліп жатыр. Өңірдің құтқарушылары жергілікті тұрғынды Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жердегі Арыстанды өзені мен оның жағалауындағы қамыстардың арасынан іздестіріп жатыр.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт күн бұрын Бәйдібек ауданының өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс телефонына Арыстанды өзенінің жағалауында бір азаматтың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, іздестіріліп жатқан ер адам 24 ақпан күні түнгі сағат 22:30-да аңшылық кезінде жоғалып кеткен.