Алғыс айтудың ерекше форматын Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бір топ қызметкері ұйымдастырған. Олар қала тазалығымен айналысып жүрген жұмысшыларға көктемнің алғашқы күні көтеріңкі көңіл күй сыйлауды жөн көрген.
«Алғыс айту» күніне орай көше тазалаушыларды қуантқымыз келді. Олар үшін оңай жыл болмады. Қалаға қалың қар түсіп, жұмыстары екі еселенді. Оның үстіне күн жылып, нағыз жұмыстары күшейген уақыт десек те болады. Осы жағдайларды ескеріп, олар үшін тәттіге толтырылған арнайы пакеттер дайындадық, – дейді басқарма басшысы Азамат Мәмбетов.
Баян Жанұзақова