«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасуда. Бүгін партиялықтар Солтүстік Қазақстан облысына келді.
Мағжан Жұмабаев ауданында «Қызылжар МТС Агро» ЖШС алаңында өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өтті.
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен ауыл тұрмысын жақсарту мәселесін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Әрбір өңірге жасаған сапарымызда біз дихандармен кездесеміз. Сіздер ауылда жұмыс орындарын ашып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырсыздар», – деп атап өтті «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов.Бұдан соң Сарытомар ауылында өткен кездесуде штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дамыту мәселелерін талқылады.