Қар, боран және көктайғақ: Қазақстанның 16 өңірінде және Астанада ескерту жарияланды

Қар, боран және көктайғақ: Қазақстанның 16 өңірінде және Астанада ескерту жарияланды

Астанада және еліміздің 16 облысында қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады және боран соғады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м\с, екпіні  23-28 м/с, таңертен және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта 30 м/с және одан асуы мүмкін. Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман түседі. Қарағанды облысының күндіз шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м\с, екпіні 23-28 м/с. Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні  15-20 м/с. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Астанада түнде бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м\с, солтүстігінде, шығысында екпіні –  23 м/с. Көкшетауда жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.  Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні  15-20 м/с. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м\с, Алакөл көлі ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.  Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аймағында қатты жаңбыр жауады. Күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м\с, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні –  15-20 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, жолда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м\с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады.  Өскеменде жауын-шашын, жолда көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с. Абай облысында жауын-шашын, жолда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын болуы ықтимал. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м\с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с.